Көкшетауда оқушы сыныптасын қылғындырып тастады

311

Есінен танып қалған оқушыға ешкім жедел жәрдем шақырмапты.


Оқиға облыс орталығындағы №21 мектепте 29 сәуірде сабақ үстінде болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, сотқар оқушы алдыңғы партада отырған сыныптасын күтпеген жерден қылғындыра жөнелген. Салдарынан жәбірленуші есінен айырылып құлап, жиһазға басымен соғылады. Педагог жедел жәрдем шақырмаған. Оқушыны дәрігерлер ауруханаға үйінен алып кетіпті. Оның миы шайқалып, бас сүйегі жарақаттанып, мұрны сынған.

"Айыпты оқушы 2020-2021 жылдары қылмыстық іс жасағаны үшін есепте тұрған. Бірақ жасына байланысты жауапкершілікке тартылмады. Енді қылғындыру дерегі бойынша полицияға арыз түсіп отыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалды шешім шығарылады.", дейді баспасөз қызметіндегілер.


Бұзақы оқушы нақ осы сыныптасына бұған дейін де әлімжеттік көрсетіп келген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.