ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТАДЫ
Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту үшін орман шаруашылығын дамыту өте маңызды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгінде орман шаруашылығы мекемелерінде орман өсіру мен көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 158 гектар уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.
Орман шаруашылығы– экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.
Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4,2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%).
Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағы қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”), “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар.
Орман өнеркәсібі - ағашты дайындауға, оны механикалық және химиялық өңдеуге қайта өңдеуге қатысатын салалар жиынтығы. Әртүрлі технологиялар көмегімен ағаштан түрлі өнім түрлерін алуға болады.
Орманның адам өмірінде алатын орны өте жоғары. Ағаш құрылыста конструкциялық материал, тау-кен өнеркәсібінде (шахта жақтауларын ұстату), машина жасауда (кеме, ұшақ, вагон), жиһаз, қағаз, сіріңке және басқа өнімдерді өндіруде қолданылады.
Қазақстанның ағаш өңдеу өнеркәсібі орман дайындау, механикалық, химиялық өңдеу сияқты салалардан тұрады.
Орман-химиялық өңдеуге целлюлоза, картон, қағаз және т.б. өндірісі жатады. Оған қылқанды орман ағаштары, арзан шикізат ағаш аралау қалдықтары, құрақ пайдаланылады.
Өндіріс энергия, су, шикізат, күрделі құрылғылар мен технологиялар қолданысының жоғары мөлшерімен ерекшеленеді.