Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты
Сыр өңірінде экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.
Соңғы 2 жылда құны 19 млрд. 600 млн. теңге болатын 22 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 10 млрд. 700 млн.теңгенің 13 жобасы жоспарланған. Бүгінде 9 жоба қолданысқа берілді.
Арал шөгінді бассейнінің "Шығыс" және "Батыс" учаскелеріндегі геологиялық зерделеу жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады. Биыл Сырдария бассейінін зерттеу жұмыстары басталуда.
Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының бастамасымен "Торғай Палеозой" кен орнында тереңдігі 5 мың 500 метр ұңғыманы бұрғылау басталып, қазір шамамен 3 мың 820 метрге жетті.
"Саутс Ойл" компаниясы "Құмкөл" кен орнындағы қиын өндірілетін тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін жобалауды бастап, келер жылы іске кірісуді жоспарлауда.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы өңір экономикасын әртараптандыру жұмыстары қолға алынған. Осылайша мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі кейінгі жылдары қыркүйек айынан бастап оң динамикаға шықты.
Облыс әкімі шыны зауытының жұмысына тоқталды.
Металлургия саласында "Шалқия" қорғасын-мырыш және "Баласауысқандық" ванадий кеніштерін игеру жалғасуда. 2030 жылға қарай еліміз өзінің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ағымдағы 4,5%-дан 15%-ға дейін арттыруды жоспарлаған. Облыс аумағында 89 мегаваттық 9 күн-электр станциясы жұмыс істейді. Оның үшеуі – шетелдік инвесторлар қатысуымен салынған ірі станция.
Биыл барлық қаржы көздерінен 63 млрд. 523 млн теңгеге жеке кәсіпкерліктің 3 мың 761 жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді.
Қызылорда облысы соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай өсім көрсетіп келеді. Бұл өңірдің индустриялық, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және әлеуметтік саладағы жетістіктерінің нәтижесі болып табылады. Өсімнің басты қозғаушы күші — инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ аймақ экономикасын әртараптандыру болып отыр.
Қызылорда облысына ішкі және сыртқы инвестициялар тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл қаржы ресурстары инфрақұрылымдық жобалар мен өндірістік салаларды дамытуға бағытталуда, сондай-ақ жаңа кәсіпорындар мен өндіріс орындарын құруға мүмкіндік беріп отыр. Осылайша, аймақ экономикасының әртараптануы мен тұрақты өсімі қамтамасыз етілуде. Өңірде өнеркәсіптік сектордың дамуы айтарлықтай өсім көрсетті. Мұнай, газ және металлургия саласындағы жобалар облыстың экономикалық әлеуетін арттырып, өңірдің өнеркәсіптік дамуына серпін берді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар мен инновациялар енгізіліп, өнімділік артты, бұл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қызылорда облысындағы әлеуметтік-экономикалық даму өсімі өңірдің тұрақты және үздіксіз дамуын қамтамасыз етіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуде.