Бес баласын ертіп курьер болып жүрген ананың оқиғасы көпшілікті алаңдатты
1 532
Астанада бес баласын ертіп, тапсырыс жеткізіп жүрген әйелдің суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жазба авторының айтуынша, әйел күннің суығына қарамастан, тапсырыстарды жаяу жеткізген. Ең кішкентай баласы арбада болған.
Желі қолданушылары әйелге көмектесуді ұсынып, қаржылай қолдау көрсету үшін байланыс нөмірін іздестірген. Алайда кейбірі суреттің мән-жайына күмән келтіріп, жағдайды анықтауға шақырған.
Қаз
Рус






