Қызылордада бензин таситын көлікпен болған жол апатынан төрт адам қаза тапты
180

14 желтоқсан, сәрсенбі күні кешке Сырдария ауданында жол апаты орын алды. КамАЗ және жанармай таситын көлік жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан бір адам жарақат алып, төрт адам қаза тапты. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Сырдария ауданында сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы белгіленеді.
