Бишімбаев сот отырысында жымиып, күлгені үшін ескерту жасалды

9

http://sud.gov.kz/Сот отырысында куәлік беріп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа ескерту жасалды, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаев жарының өліміне қатысты куәлік беруге кірісті. Ол Салтанат Нүкеновамен таныстығы, қарым-қатынасы туралы айтты. Алайда прокурор Бишімбаевтың куәлік ету барысында, оның жымиып, күліп тұрғанын айтып, ескерту жасады. 


"Ол жымиып, күліп тұр. Бұл сот емес пе. Жымиып қана емес, сіз күліп тұрсыз. Еркін әңгімелеп берсін. Сотта тұрғанын түсіне ме?", - деді мемлекеттік прокурор. 


"Сотталушы Бишімбаев, мысқылсыз, күлмей, істің мән-жайын айтып беріңіз. Марқұмның туыстарына құрмет көрсетіңіз", - деді судья оған.


Жауап ретінде Бишімбаев мысқылдамағанын, Салтанатпен таныстық барысындағы естелігіне күлімсірегенін айтты.

"Егер біреудің көңіліне тиіп кеткен болсам, барлығынан кешірім сұраймын. Бұл менің мысқылдап тұрғаным емес. Бұл естеліктерім, бұл жағымды естеліктер, мүмкін бейсаналы түрде болуы мүмкін", - деп жауап берді ол.


Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап, кешірім күтпейтінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол Салтанат Нүкенованы қасақана өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтынын, оның өліміне өзінің қатысы бар екенін мойындайтынын қайталады. Сонымен қатар Салтанаттың көңілдесі бар екендігін атап өтіп. тіпті ықпалды азамат екендігіне баса назар аударды. Алайда сот Бишімбаевтың сотта өзге адамның абыройы мен беделіне нұқсан келтірмейтін ақпараттарды ұсынуын сұрады.