Алматыда жасөспірім балалар педофилді ұстады

278

Абай-Сайын көшелерінің қиылысында 13 жастағы қыз жасөспірім жігіттен көмек сұрады. Ол 50 жастағы ер адамның өзіне тиіскенін хабарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Жасөспірім ер адамды күшпен автобустан шығарып алды. Қыз да олармен бірге шықты. 

Жігіт педофилді күшпен ұстап тұрып, оны қоршалған футбол алаңына алып кірді. Ол басқа балалармен бірігіп есікті құлттап қойды. 
Балалар полицияға хабарласып, болған жайтты хабарлаған. Оқиға орнына қыздың анасы келді. Біраз уақыттан кейін учаскелік полицейлер жетіп, балалардан жауап алып, ер адамды алып кетті. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол бұған дейін де осыған ұқсас әрекеттері үшін істі болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.