Атыраулық ұстаз мектеп директорына ай сайын жалақысынан ақша беруге мәжбүр
598
№38 мектептің мұғалімі Н.Құлбаева ай сайын мектеп директорына 30-40 мың теңге беріп отырған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
2020 жылдың ақпан айында ұстаз Атырау қаласындағы №38 мектебіне музыка пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрады. Мектеп директоры жұмысқа алғаны үшін 90 мың теңге сұрайды.Бұнымен қоймай әр ай сайын жалақысынан 30-40 мың теңгеден алып отырған. Бермей қалсам, жұмыстан шығуға арыз жаз дейді. Жұмысқа орналасу үшін сұраған 90 мың теңгені бермей қалғанда, кабинетіне шақырып алып, жұмыстан шығуға арыз жаз деп бұйырған. Кейін директор шақырып алып, ақшаны әкеліп бер де, жұмысыңды жалғастыра бер деді. Үйіне 90 мың теңге апарып бердім", – дейді жас ұстаз.
Ұстаз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне арыз жазғанымен, қылмыстық іс жабылып қалады.
Тергеу амалдары кезінде директордың Н.Құлбаевадан ақша алғаны жартылай ғана дәлелденді. Алайда заңсыз алынған ақша көлемі заңға сәйкес 200 АЕК жетпегендіктен, қылмыстық іс тоқатылды. Пара алғаны рас, бірақ қылмыстық жауапкершілікке тартылмады.Тағы бір айтары – мектеп директоры жұмыстан шығарылмай, қатаң сөгіспен құтылады.
Атыраудан әділдік таппаған жас ұстаз енді ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетовке және премьер-министр Асқар Маминге хат жолдамақ.