Екі адамды көлік қағып, оқиға орнында көз жұмды

236

Шымкентте көлік жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында анасы мен қызын қағып кетті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 9.35 шамасында Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды. Факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді», – делінген хабарламада.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.