Әжетханаға кіру ақысы екі есе қымбаттады

210
Алматыдағы "Байсат" базарында әжетханаға кіру құны екі есе қамбаттады. Бұған дейін 50 теңге төлеп келгендер енді 100 теңгеге наразылық білдіріп отыр, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Базардағы видеоны белгілі блогер Дәулет Мұқаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әжетханаға кезекке тұрғандарды және маңдайшадағы 100 теңге деген жазуды көруге болады.
Бейнежазба авторы әжетханаға кіру құны бұған дейін 50 теңге болғанын, не себепті екі есеге қамбаттағанын түсіне алмайтынын айтқан. Әзірге бұған қатысты базар әкімшілігі нақты жауап бермепті. Ал желі қолданушылары елдегі қымбатшылық дәретханаға да жеткеніне наразылық білдірген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.