Қызылордада мектеп күзетшісіне бір айда заңсыз 6 млн теңге ақы төленген

597
Сондай-ақ облыс бойынша мектеп директорлары мен есепшілері бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық ақша жымқырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Azattyq-News сайтына сілтеме жасап.



Бюджет қаражатын жымқыру деректері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің 2020-2021 жылдарға арналған тексеру кезінде анықталған. Заң бұзушылық деректерінің алтауы Жаңақорған ауданындағы мектептерде болған. Жауапты тұлғалар мектепте мүлде жұмыс істемейтін азаматтарға еңбекақы аударып келген. Сонымен қоса, қаладағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төлеген.

Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпаратты жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар, – дейді жауапты ведомство өкілі Асылхан Ашықов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.