Республика күніне орай қоғамдық көліктер тегін қатынайды

254
Республика күніне орай Атырау қаласында қоғамдық көліктер тегін қатынайды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


«Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың мәліметінше, мерекеге орай қала және шаһар маңындағы елді мекендердегі барлық қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан қала тұрғындары мен қонақтарының бәрі пайдалана алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада Республика күніне орай 23-25 қазан аралығында, яғни жексенбіден сейсенбіге дейін қаладағы автотұрақтар тегін қызмет көрсететіні туралы хабарлаған болатынбыз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.