90 жастағы қазақстандық құрма жеймін деп өліп кете жаздаған

1 529

Фото: Stan.kzПетропавлда жедел жәрдем қызметкерлері құрманың сүйегіне қақалып қалған зейнеткерді құтқарып қалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

“103 пультіне 90 жастағы әйелдің қақалып дем ала алмай қалғаны туралы шақырту келіп түсті. Дәрігерлер келгенге дейін қарт әйелдің беті көгере бастады, кейін жедел жәрдем орталығының мамандары оның прекома күйінде болғанын түсіндірді”, – деп мәлімдеді облыстық жедел медициналық көмек орталығы.

Алибек Түлеу, Екатерина Яшонкова және жүргізуші-парамедик Қайрат Сайбанов шақыруға екі минут ішінде жеткен. Науқас прекома күйде болып, дем алуға тырысқан. Оның тыныс жолдары бітелгендіктен өзі дем ала алмаған. Бригада дереу халықаралық ACLS стандарттары бойынша көмек көрсетуге кіріскен.

Фельдшерлер бірқатар медициналық шаралар жүргізіп, нәтижесінде әйелдің тыныс жолынан құрма сүйегін шығарып алған.

Дем алуы қалпына келген соң әйел қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.