Ер адам бұрынғы сүйіктісін аңдып, пышақтап кеткен

1 576

Фото: видеодан кадрАтырауда ер адам бұрынғы қызын аңдып, кіреберісте пышақтап тастаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы "Немолчи" қоры хабарлады. Видеода ер адам үйінен шығып келе жатқан әйелді бірнеше рет пышақтап, кетіп қалады. Болжам бойынша ер адам - жәбірленуші қыздың бұрынғы сүйіктісі. 

Қор мәліметінше, қыз Атыраудағы жергілікті супермаркеттің бірінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр.

 Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 9 маусымда 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 


"Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені қабылданады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - дейді ПД өкілдері.