КӨГІЛДІР ОТЫНДЫ ПАЙДАЛАНАТЫН КҮН ЖАҚЫН

1 138

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіЖалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Ақсу ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандардың, құрылыс жұмыстардың жәй-күйімен танысып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдымен, аудан әкімі Ақсу елді мекеніне газ тарату желілерінің және  жеткізуші газ құбырының құрылысы жұмысымен танысты. Қазіргі таңда Ақсу елді мекеніне газ тарату желілерінің және газ құбырының құрылысы толығымен аяқталып, Жалағаш газ тарату желілері мекемесі арқылы қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі қылу беру маусыма дейін табиғи газдың игілігін ауыл халқы көруі тиіс деп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ қазіргі таңда «Сәрке батыр» ЖШС демеушілік есебінен  балалар спорт алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазан айында толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Ауыл ардагерлері Президентіміздің саясатын қолдайтындықтарын жеткізіп, елі үшін жасалып жатқан әрбір игілікті іс үшін ризашылықтарын білдірді.

Ақсулықтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі Ардақ Ибраимов жауапты сала басшылары мен ауыл әкіміне жылу беру маусымына дайындықты күшейтуді, сондай-ақ, аула, көше тазалығын, түнгі жарықтың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуді, құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңының талапқа сай болуын қатаң тапсырып, ауылдың әлеуетін дамыту мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеді.