Қызылордада өз міндетін орындамаған ұйымдардан 40 млн теңге өндірілді
Қызылорда облысының прокуратурасы өз міндетін орындамаған жосықсыз ұйымдардан 40 млн теңгеге жуық қаржы өндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Прокуратура тарапынан өңір әкімдіктерімен өз міндетін орындамаған 25 әлеуетті өнім берушіден 2023 жылдан бері 40 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіруге шара қолданылмағанын анықтады.
Облыс әкімдігіне енгізілген ұсынудың қаралу қорытындысымен 40 млн теңге айыпты өндіру үшін сотқа талап берілді. Бұзушылыққа жол берген 16 қызметкер түрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ Қызылорда облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асыруда.