RUB (-0.04) 7.66 KZT
USD (-0.45) 468.45 KZT
EUR (+3.42) 489.06 KZT
Қоғам
105

Оқушы сабақ үстінде көз жұмды

Орал қаласында сабақ үстінде 10-сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 қазан күні таңмен Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болды.

«2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отыран жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады», деп хабарлады ведомстводан.


БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, жедел жәрдемнің сағат 08.09-да шақырылғанын жеткізді.