Жол апатынан қаза тапқан дәрігердің ұлы анасының өлімінен кейін өзіне қол жұмсады

1 500

Фото: "Врачи Актобе"Ақтөбе облысында Қандыағаш – Шалқар тасжолында болған жол апатынан Назгүл Қантөренова есімді дәрігер қаза болды. Арада көп өтпей анасының қазасына шыдамаған ұлы өзіне қол жұмсаған, - деп  Opennews.kz  ақпарат агенттігі  “Диапазон” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жол апаты 23 қарашада Жұрын ауылының маңында болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қандыағаш – Шалқар тасжолында Renault көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікпен жол жиегіндегі орға түсіп кеткен. Салдарынан көлік аударылып, әйел оқиға орнында көз жұмған. Кейін марқұмның Қандыағаш қаласындағы Мұғалжар аудандық ауруханасында оториноларинголог болып жұмыс істеген Қантөренова Назгүл Мұратқызы екені анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігер 9 қарашадан бастап еңбек демалысында болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайғылы оқиғадан кейін марқұммен бірге тағы бір адам жерленетіні туралы ақпарат тарады. Ол – әйелдің ұлы Расул Бақтыбай. Алайда полиция жол апаты кезінде көлікте жүргізуші жалғыз болғанын нақтылады. Жігіттің өлімі жол апатына қатысы жоқ.

Деректерге сай, ол анасының қазасынан кейін өзіне қол жұмсаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.