Әкімдік Болат Назарбаевтың әйелдері мен балаларын сотқа берді

1 500

Фото: saliqaly.kzБолат Назарбаевтың отбасына қарсы жер дауы бойынша сот ісі қараусыз қалды. Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі оның жұбайлары, балалары және тағы бірнеше адамнан жер телімін мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Алайда әкімдік өкілдері үш сот отырысына қатарынан келмегендіктен, талап арыз қараусыз қалдырылды.

Әкімдік жер телімі мен ондағы жылжымайтын мүлік заңбұзушылықтармен рәсімделген деп есептеген. Жауапкерлер қатарында Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол, бұрынғы жұбайлары және тағы бірнеше адам болған.

Соттың бұл шешімі жауапкерлердің кінәсіздігін немесе жерге меншік құқығының заңдылығын білдірмейді. Дау мәні бойынша қаралған жоқ. Әкімдік кедергілерді жойғаннан кейін сотқа қайта жүгіне алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.