Есірткімен ұсталған әйел 11 жылға сотталды

1 352

Фото: polisia.kzПолиция қызметкерлері 2024 жылдың жазында синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен Петропавл қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жеке тінту кезінде одан өткізу үшін дайындалған 20,95 грамм α-PVP және 23,71 грамм мефедрон тәркіленді. Тергеу барысында анықталғандай, ол есірткіні қаланың шетіндегі орман екпелерінен алып кеткен.

Жалпы салмағы 0,17 грамм болатын α-PVP есірткісі салынған фольгамен оралған тағы 3 түйіншек оның қолсөмкесінен табылды. Аса ірі мөлшерге жататын есірткіні жеке мақсатта пайдаланбақ болған.

Ұсталған келіншек 20 жасында есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін сотталып үлгерген. Сот оның іс-әрекетінде қауіпті рецидивті байқап, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Өткен жылы полицейлер СҚО-да есірткі сатудың 132 фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 8 келіден астам синтетикалық психотроптық заттар тәркіленіп алынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.