Жасөспірім балконнан секіріп, оқиға орнында көз жұмды

1 602

Фото: amp.ukrainianwall.comТараз қаласында жасөспірім балконнан секіріп, оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.


Оқиға түнгі уақытта болған.



«Бүгін түнде Арай 2, бірінші үйде, сағат 2:10 шамасында жас жігіт өзін-өзі өлтірді. 5-ші қабаттың терезесінен құлап кетті. Күйеуім екеуміз 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің аулада қатты айқайлағанын естідік. Алдымен біз тағы бір төбелес болды деп ойладық, бірақ «ол тірі ме, жоқ па» деген сөздерді естігенде, шошып кеттік. Балконға жүгіріп барып, жедел жәрдем шақыра бастадық. Жедел жәрдем сағат 02:13-терде келді. Алдымен фельдшер жігіт «ол тірі» деп айтты, жедел жәрдем көлігіне жатқыза бастады, бірақ бір минуттан кейін екі фельдшер шығып, сот маманы мен полицияға қоңырау шалды. Олар келген соң екі жасөспірімге «кінәні мойныңа ал» деп қысым жасай бастады», - деп жазылған әлеуметтік желіде.


Бұл оқиғаға қатысты ПД жауап берді.


«2024 жылғы 10 маусымда сағат 00:20-да «102» тетігіне Тараз қаласының шағын аудандарының біріндегі пәтердің балконынан жасөспірім секіріп, алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті», - деп хабарлады ПД.



Аталған дерек бойынша «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.