Мектептерде шабуыл жасау туралы хабарлама тарады

1 552

Фото: Видеодан скринМаңғыстау облысында тұрғындар арасында WhatsApp мессенджерінде білім беру мекемелеріне шабуыл жасалады деген мазмұндағы жалған хабарламалар тараған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті тұрғындарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға шақырды. Қазір құқық қорғау органдары тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

«Жағдай толық бақылауда. Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Ескерту ретінде айтамыз: террористік акт туралы жалған ақпарат тарату үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – делінген полиция хабарламасында.

Маңғыстау облысының білім басқармасы да әлеуметтік желілердегі қауесеттерге байланысты полиция тексеру жүргізіп, барлық көрсетілген мектеп ғимараттарының қауіпсіз екендігін растағанын мәлімдеді. Арнайы актілер рәсімделген.

«2025 жылғы 10 қараша күні Ақтау қаласындағы барлық мектептерде сабақтар штаттық режимде, бекітілген кесте бойынша өтеді.
Білім беру ұйымдарында ешқандай қауіп жоқ. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр мектепте учаскелік полиция қызметкерлері кезекшілік атқарады», – деп хабарлады ведомство.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.