Бәйбіше мен тоқал арасында жатқан ер адам көптің ашуын туғызды

1 750

Фото: видео скриншотӘлеуметтік желілерде екі әйелдің ортасында жатқан ер адам өзін еркін ұстап, бұл сәтті «бәйбішем мен тоқалыммен өткізген уақыт» деп сипаттаған,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары бұл әрекетті қазақы тәрбие мен моральдық құндылықтарға қайшы екенін жазды. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі интимдік мазмұндағы жеке өмір кадрларын көпшілікке жариялауды орынсыз деп санайды.

Көп әйел алу мәселесі қоғамда өзекті тақырыптардың бірі болса, мұндай бейнені мақтаныш көрінісі ретінде жариялау әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын күшейтті.

Пікірлер бөлімінде ер адамның әрекеті сынға алынып, «ұлттық құндылықтарға нұқсан келтіреді» деген пікірлер басым түсті. Кейбір қолданушылар мұндай контенттің жастар тәрбиесіне кері әсер ететінін атап өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.