Қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымды тұлғасы 40 млн теңге пара алған
1 744
Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушысы ірі көлемде пара алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Біләловтың қамауға алынғанын растап, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің қатарында болмағаны хабарланды.
Дереккөздердің мәліметінше, Біләлов 40 млн теңге пара алғаны үшін ұсталған. Алайда, бұл әлі расталған ақпарат емес.
Біләлов 2022 жылдың қараша айынан бастап СҚО ҚАЖД бастығының міндетін атқарды, оған дейін 2019 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Ақмола облысының полиция департаментін (ПД) басқарды, одан ертерек – 2014 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың сәуіріне дейін СҚО ПД бастығы болды.

Тағы да оқыңыздар
Мақсатқа тұсау масылдық
1 528