Риддерде қаскөй үш баланың анасын аяусыз өлтіріп кетті

438
Риддерде үш баланың анасын қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.  

Полицияның мәліметінше, 26 тамыз күні таңертең үйінен жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен Ридер қаласының әкімдік қызметкері туралы жаңалық тұрғындарды дүр сілкіндірген.

Жақындары келіншекті таба алмаған соң, полицияға жүгінген.

Сол күні кешкісін орман алқабын тексеру барысында әдетте уақытты қысқарту үшін жұмысқа баратын жолдардың бірінің маңынан әйелдің денесі табылған.

Марқұмның денесінде тұншықтыру, пышақ жарақаты сынды зорлық белгілері болған.

Оқиға орнына облыс орталығынан полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы сонымен қатар, криминалдық полиция қызметкерлері дереу жеткен.

 Бірнеше күннен кейін қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұстаған. Оның бұрын бірнеше рет істі болғаны анықталды.