Қазақстан орыс тілін насихаттауға жылына 43 миллион теңге жұмсамақ
Мәжіліс депутаттары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы" шартты қабылдау туралы мәселені қарастырып, оның ратификациялап сенатқа жолдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Отырыс кезінде мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан аталған шарт Бішкекте 2023 жылғы 13 қазанда жасалғанын айтты.
Депутат бұл шарттың мақсаты – ұйымға мүше елдер арасындағы достықты, татулықтың, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту екенін атап өтті.
Мәжіліс отырысынан кейін журналистер алдына шыққан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сенат қабылдап, президент қол қойғаннан кейін ұйым құрылатынын айтып берді. Оның айтуынша, онда министрліктер ұйымның жұмысы қалай жүретінін және хатшылыққа кімдердің енетінін келіседі.
Министр ұйымды құруға ел бюджетінен 43 миллион теңге құятынын атап өтті.