Қазалыда кәсіпкерлік қарқынды дамуда
Қазалы ауданы бойынша 2024 жылдың үш айына шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы атқарылған жұмыстарына тоқталсақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 1 сәуіріне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілерінің саны – 5785 бірлікті құрады. Оның ішінде: 295 заңды тұлға, 4136 жеке кәсіпкер, 1354 шаруа қожалығы болып табылады. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 5609 бірлікті құрап, белсенділік көрсеткіші – 97,0 пайыз болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылдың 1 сәуіріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салық түсімі – 159,4 миллион теңге құрап отыр. «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы аудан кәсіпкерлеріне 2024 жылдың үш айында – 506 қызмет көрсетілген.
Өнеркәсіп өнімі – 6034 миллион теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, нақты көлемінің индексі – 100,1 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде – 5214 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, нақты көлемінің индексі – 100,0 пайызды құрады. Бөлшек сауда көлемі – 2 801,4 миллион теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлемінің индексі – 102,6 пайызды құрады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы – 28569 миллион теңге, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 120,6 пайызды құраса, жұмыспен қамтылғандар саны – 9901 бірлік, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 96,7 пайызды көрсетті. Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бойынша Қазалы ауданының кәсіпкерлеріне сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан 63 жобаға жалпы көлемі – 1051,2 миллион теңге болатын несие қаражаты берілген.
Анықтамалық бойынша екінші деңгейлі банк арқылы (бағдарламадан тыс – 32 жоба – 143,8 миллион теңге, бағдарлама арқылы – 21 жоба 582,4 миллион теңге) 53 жоба – 726,2 миллион теңге; АКК арқылы 1 жоба, 155,2 миллион теңге, ӨИО арқылы 6 жоба – 32,0 миллион теңге, КС «Сырдария – 1» 1 жоба – 20,0 миллион теңге, КС «Ауыл» 2 жоба – 117,8 миллион теңге болды. Екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылған жобалар саны – 21, құны – 582,4 миллион теңге болды. Атап айтқанда, Бірыңғай кешенді бағдарламасы бойынша – 15 жоба, құны – 457,6 миллион теңге болды.
– «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жоба, құны – 124,8 миллион теңге болды.
«Іскер», «Агробизнес» бағдарламасы аясында ауданымызда құны – 325,0 миллион теңгені құрайтын – 10 жоба қаржыландырылды, – дейді Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов.
Атап айтқанда, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы «Іскер» бағдарламасы құны – 32,0 миллион теңге, 6 жоба (1-мал шаруашылығы, 1-кондитер, 1-дүкен, 1- көлік жуу, 1-ТЖО, 1-жүк тасымалы); «Сырдария-1» Кредиттік Серіктестігі «Агробизнес» бағдарламасы құны – 20,0 миллион теңге, 1 жоба (мал шаруашылығы); «Ауыл» Кредиттік Серіктестігі арқылы «Агробизнес» бағдарламасы құны – 117,8 миллион теңге, 2 жоба (мал шаруашылығы); Аграрлық Несие Корпорациясы «Агробизнес» бағдарламасымен құны 155,2 миллион теңге, 1 жоба (күріш зауыты) іске қосылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадан тыс, яғни, екінші деңгейлі банктің ішкі жобалары бойынша – 32 кәсіпкер құны – 143,8 миллион теңге болатын несие қаражатына қол жеткізген.
– Шағын индустриялық аймаққа жататын Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесінің солтүстік-батыс бағытында Шағын индустриялық аймақтағы жер көлемі 10,01 гектарды құрайды. Оның ішінде, шағын индустриялық аймақта орналасатын жобалар көлемі – 8,74 гектар (табысталғаны – 7,94 гектар, табысталатыны – 0,8 гектар), инженерлік инфрақұрылым жүйесінің жер көлемі – 1,27 гектарды қамтыды.
Шағын индустриялық аймақта орналасатын жобалардың жер көлемі – 8,74 гектар (17.01.2024 жылы Әйтеке би кенті әкімінің №29 шешімі).
Шағын индустриялық аймақта құны – 497 миллион теңгені құрайтын 15 жоба бастамашыларына көлемі – 7,94 гектар жер учаскесі табысталған.
Оның ішінде, жеке меншікке табысталғаны – 11 учаске, уақытша жер пайдалану құқығымен берілгені – 4 учаске мерзімдері ұзартылған немесе жеке меншікке аударады, – дейді Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов.
Оның айтуынша, табысталған жер учаскелерінде орналасатын жобалар тізімі төмендегідей:
1."Тамшы су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыз су өндіру цехы; жоба жетекшісі: "Тамшы су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е.Алданазаров. Жоба құны – 15,0 миллион теңге; жер учаскесінің көлемі – 0,2 гектар сатып алу-сату шартымен жеке меншікке табысталған.
2. Е.Алданазаровтың көлік жуу орталығы. Жоба құны – 15,0 миллион теңге; жер учаскесінің көлемі – 0,15 гектар болды. Сатып алу-сату шартымен жеке меншікке табысталған.
3. Б.Бөлебайдың күріш цехы және қоймасы; жоба құны – 5,0 миллион теңге; Жер учаскесінің көлемі – 0,547 гектар жеке меншікке табысталған.
4. Т.Игликовтің Балық қалдықтарынан жем шығару цехы; жоба құны – 100,0 миллион теңге болды. Жер учаскесінің көлемі – 0,4194 гектар құрайды. Жеке меншікке табысталған.
5. Т.Мамбетжановтың құрылыс материалдарын шығаратын шағын зауыты. Жоба құны 50,0 миллион теңгені құрады. Жер учаскесінің көлемі – 1 гектар. Жеке меншікке табысталған; Жоба маусымдық кезеңде жұмыс жасайды.
6. «Зейнеп Ана» шаруа қожалығының жетекшісі Ә.Әбидің жылыжайы; жоба құны 10,0 миллион теңге жер учаскесінің көлемі – 1 гектар жеке меншікке табысталған.
7. "АгроОптСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Б.Бибалаевтың көкөніс сақтайтын қоймасы; жоба құны – 50,0 миллион теңге; жер учаскесінің көлемі – 0,5 гектар жеке меншікке табысталған; 2022 жылы жоба бастамашысының қоныс аударуына байланысты уақытша тоқтап тұр.
8. Ж.Қарымсақовтың темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехы. Жоба құны – 22,0 миллион теңге; жер учаскесінің көлемі – 1 гектар жеке меншікке табысталған. 2022 жылы кәсіпкер пластик қалдықтарды жинау арқылы құны – 26,0 миллион теңге болатын «Полимерлі құм төселген плиталар өндірісін шығару» жобасын жүзеге асыру үшін қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізу барысында кәсіпкерлігін уақытша тоқтатқан.
9. Ғ.Сыздықовтың /«НұрбергенТранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі/ қосалқы өндірістік, шараушылық ғимараттары бар автогаражы; жоба құны – 10,0 миллион теңге. Жер учаскесінің көлемі – 0,5 гектар уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жылға (26.02.2019ж.) табысталған. Кәсіпкер жобаны жүзеге асыру үшін бірінші кезекте диспетчерлік пункт құрылысын салып аяқтаған. Ендігі кезекте, автогараж құрылысын салуға қажетті материалдарын алып, құрылысын жүргізуге несие қаражат алу үшін қаржы ұйымдарымен келіссөздер жасауда.
10. М.Бигерестановтың темір бұйымдарын шығаратын шағын цехы; жоба құны – 30,0 миллион теңге. Жер учаскесінің көлемі – 0,5 гектар уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (26.08.2021ж.) 3 жылға табысталған;
Жоба бастамашысы жер учаскесіне топырағын төгіп, жер тегістеу жұмыстарын жүргізді. 2024 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізетін болады.
11. С.Ақжолованың металдан жасалатын бұйымдар цехы; жоба құны – 20,0 миллион теңге. Жер учаскесінің көлемі – 0,3 гектар уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (29.07.2021ж.) 3 жылға табысталған. Қазіргі таңда, жоба жеткшісі жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға жұмыстар жүргізуде.
Кәсіпкердің жер учаскесі аумағына көлемі – 6х4 өлшемдегі ғимараты бой көтеріп, құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
12. Ж.Кульмамбетованың қызмет көрсету орны. Жоба құны – 150,0 миллион теңге. Жер учаскесінің көлемі – 0,4111 гектар жеке меншікке табысталған. Жер учаскесінің аумағына екі қабатты кәсіпкерлік ғимараты бой көтерген. Нысан құрылысының жұмыстары 80 пайызға аяқталған.
13. Ш.Алпысбаевтың құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету орны. Жер учаскесінің көлемі – 0,6 гектар жеке меншікке табысталған. Жоба бастамашысы отбасылық жағдайына байланысты алған жерін игере алмай, жер учаскесін басқа тұлғаға сатуда.
14. Т.Тажмағамбетовтің мал сою пункті; Жер учаскесінің көлемі – 0,7732 гектар уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (07.06.2010ж.) 49 жылға табысталған.
Қазіргі таңда, жер учаскесінің меншік иесі 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға А.Бақдәулетке беріп отыр. Ағымдағы жылға А.Бақдәулет ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цех құрылысын салуды жоспарлауда. Жоба құны – 20,0 миллион теңге.
15. Ж.Палуашовтың автогаражы. Көлемі – 0,04 гектар жер учаскесін басқа тұлғадан сатып алу-сату шартымен 2022 жылы сатып алған. Жоба бастамашысы алдағы уақытта «Автогараж» жобасын несие қаражатына қол жеткізу арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Аталған аймақтағы жер учаскенің қалған – 0,8 гектар көлеміне 2 жоба бастамашысы аукцион арқылы алуға өтінімдерін берген. Ендігі кезекте, мүліктік веб портал сайтына орналастырылатын болады. Алдағы уақытта аукцион арқылы осы аймақтан ұсынылған жер учаскелеріне қол жеткізілетін болса, шағын индустриялық аймақтың жер көлемі толығымен игерілетін болады.
Осы аймақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен 177,2 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар (электр, су, автомобиль жолы жүргізілген) жасалды.
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға орай, индустрияландыру бағдарламасының І бесжылдығы аясында 2010-2011 жылдары екі жоба іске қосылып, өнім шығарып тұр.
1. «Рза» акционерлік қоғамының «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өңдеу зауыты» жобасы.
2. «СПК Қызылорда Балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы. Бағдарламаның ІІІ бесжылдығы аясында 2 жоба облыстың кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілді.
1. «РЗА» акционерлік қоғамының «1200 басқа арналған ірі қараны өсіру кешенінің және сүт өңдеу зауытының ІІ кезеңін іске асыру» жобасы.
2. Жеке кәсіпкер Т.Игликовтің «Балық қалдықтарынан балық ұнын өндіру» жобасы енгізілді. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылым (электр, газ, су желілері) жеткізу шешімі қабылданған.
Жалпы, Индустрияландыру бағдарламасының үш бесжылдығы аясында (2010-2025ж.ж.) картаға 4 жоба енгізілген, оның үшеуі іске қосылып, біреуі кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы бойынша 2023 жылы жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында іске қосылуы жоспарланған жобалар тізіміне Қазалы ауданынан «Жанкент Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құны – 501 миллион теңге «Күріш өңдеу зауыты» жобасы енгізілген болатын (қуаттылығы – жылына 5000 тонна, жұмыс орны – 10). Жобаның қаржыландыру көзі: 69,1 проценті өз қаражаты (345,8 млн.тг), 30,9 проценті (155,2 млн.тг) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы.
Серіктестік зауытқа қажетті құрал-жабдықтар алу мақсатында 2023 жылдың шілде айында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына құны – 155,2 миллион теңге құрайтын жобасы бойынша өтінімін тапсырып, 2023 жылдың желтоқсан айында зауытқа Қытай Халық Республикасынан жеткізілген қажетті құрал-жабдықтары монтаждалып, іске қосылғаннан кейін жобаның 100 пайызы (2024 жылдың ақпан айында толық төленді) қаржыландырылды. Жоба бастамашысы зауытты 2024 жылдың жиырмасыншы ақпанында іске қосты.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне байланысты 2023 жылы Салық кодексінің 696-3 бабы, 5-тармағын негізге ала отырып, Қазалы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы №52 шешімімен бөлшек салық мөлшерлемесін 50 пайызға, яғни 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді.
Арнаулы салық режиміне ауыстыру туралы аудан кәсіпкерлерін ақпараттандыру үшін әлеуметтік желілер арқылы посттар жариялануда. 2024 жылдың бірінші тоқсанына Қазалы ауданында мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын 83 субъекті тіркелген.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізуге «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесі халықтың әлеуметтік осал топтарының адамдарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін және халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтарына арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтерді көрсетуді Қағидаларда айқындалған 4 (төрт) санат бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
Осы орайда, Қазалы ауданы бойынша «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін алу жөнінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Осы ақпараттандыру нәтижесінде 2023 жылы Қазалы ауданынан «Рауан» мектепке дейінгі шағын орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 04.10.2023 жылғы №219 бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша бірінші санатпен тізілімге енгізілді.
2024 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік кодексінің 79-4-бабы 1-тармағына сәйкес, ауданнан «ХАНШАЙЫМ-1 бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 01.04.2024 жылғы №99 бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша бірінші санатпен тізілімге енгізілді.
Пайдалануға берілген кәсіпкерлік нысандар бойынша 2024 жылы 37 адамды жұмыспен қамтитын 8 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда:
1. Жеке кәсіпкер А.Құрақбаеваның «Алтын Сарай» мейрамханасы – 7 адам; Әйтеке би кенті.
2. Жеке кәсіпкер Ж.Кеулімжаевтың «Ақниет» балабақшасы – 20 адам; Әйтеке би кенті.
3. Жеке кәсіпкер Д.Ыбырайдың кәсіпкерлік нысаны «Bella» сауда орнына жалға берілді -2 адам; Әйтеке би кенті.
4. Жеке кәсіпкер Г.Аймишевтің «Ризық» кондитерлік цехы – 1 адам; Әйтеке би кенті.
5. Жеке кәсіпкер Ж.Сембайдың «Qazyna» шағын маркеті – 1 адам; Әйтеке би кенті.
6. Жеке кәсіпкер А.Бөлекбаевтың «Нұртас» сауда үйі – 2 адам; Әйтеке би кенті.
7. Жеке кәсіпкер Д.Нұртайдың «Меруерт» сауда үйі – 2 адам; Әйтеке би кенті.
8. Жеке кәсіпкер М.Қызылбайдың "Ia-Morra" лаундж-бары – 2 адам; Әйтеке би кенті.