Өгей баласын өлтірген жігіт 20 жылға сотталды

1 573

Time.kzАлматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Дархан Дәулетовке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Дархан Дәулетов 2023 жылдың тамыз айынан бастап өзінің оқытушысымен және оның бірінші некесінен туған ұлымен бірге жалға алынған пәтерде тұрған.  


"2023 жылдың қыркүйегінде сотталушының басында баланың әкесінен кек алу мақсатында Хантөрені өлтіру ниеті пайда болған", – деп жазылған сот хабарламасында. 


Дәулетов үлкен күшпен, жұдырықпен, баланың басы мен асқазанына 8-9 рет соққы берген. Салдарынан баланың бауыры жарылып ішіне қан кеткен. Осындай дәрменсіз күйдегі Хантөрені өгей әкесі балабақшада қалдырып кеткен. Бірнеше күннен кейін бала ауруханада алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған.  


Прокурор сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда Дәулетов сотта өз кінәсін мойындамады. 


Жәбірленуші тарап та айыпталушы Дәулетовке қатаң жаза тағайындауды сұрады. 


Нәтижесінде сот өгей ұлын өлтірді деп айыпталған Дәулетовке 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.