ВКонтакте" желісінде тыйым салынған аудио сақтағаны үшін ер адам ұсталды

416
Қызылорда полициясы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында тыйым салынған аудиоматериалдарды сақтаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында сотпен тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын 40 жастағы тұрғынды анықтады", - делінген хабарламада. 

Сот қаулысы бойынша, деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге әкімшілік айыппұл салынған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.