Науқастарды зорлап келген психиатриялық мекеменің қызметкерлеріне үкім шығарды

1 588

Фото: Pexels.comШымкентте қаласында психикалық денсаулық орталығының қызметкері сотталды. Сот психдиспансерде науқастарын зорлаған санитарларға үкім шығарды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Науқастарға мекеме қызметкерлері әсері күшті дәрілер беріп, зорлаған. Жәбірленушілердің арасында шизофрениямен ауыратын 17 жастағы бойжеткен де бар. Бойжеткен жүкті болып, кейін түсік жасатқан.

Психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі (Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау) бойынша сотталды. Олардың әрқайсысы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар  Даржанов пен Дүйсебаев –  Түркістан облысының психикалық денсаулық орталығының санитар бақылаушылары. Екеуі де сол мекемеде он жылдан астам жұмыс істеген 33 және 43 жастағы мамандар. Орталыққа түскен науқастарды зорлады деп жауапқа тартылған олар кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Бәріне жасөспірімнің мекемеден жүкті болып шығуы  дәлел болды дейді судья. 

“Біз бұған жетпейміз бе деп ойлағанбыз. Шыны керек үмітімізді үзгенбіз. Себебі тергеу кезінде көп қысымдар болды. Сот басталғаннан кейін де болды. Сол себепті үмітімді үздім. Жалпы үкіммен келісемін. Әділ үкім шықты", – деді жәбірленушінің анасы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.