Қазақстанда ақша аударымдарына жаңа талап енгізіледі
Қазақстанда енді ақша жіберушілер де өздерінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетуге міндетті болады. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айтуынша, қаржы операцияларындағы тәуекелдерді азайту мақсатында Агенттік пен қаржы нарығын реттеуші орган бірлесіп бірқатар практикалық шешім әзірлеген.
Ол сондай-ақ қазақстандықтардың банкоматтарды пайдалануы кезінде жазбаларды сақтау мерзімі ұзартылатынын атап өтті.
Бұдан бөлек, болашақта биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр.