2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер мөлшері өспек
940

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл қазақстандықтарға 2,7 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленгенін хабарлады. Мәліметке сүйенсек, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 млн 276 мың адам.
Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 960 теңге болды. Енді келер жылдан бастап елдегі зейнетақы мөлшерлемесі тағы өседі. Министрлік "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 қаңтардан бастап 10,5% — ға артатынын айтуда.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыс мөлшерін 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделген.
Осылайша, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақылардың ең төменгі мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңге болады.
1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге. Ал 40 567 теңге ең төменгі күнкөріс шегі деп бекітіледі. Сондай-ақ, ең төменгі жалақы 60 000-нан 70 000 теңгеге артады.
2023 жылы мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері:
1-топтағылар үшін – 77 889 теңге (1,92 күнкөріс деңгейі);
2-топтағылар үшін – 62 067 теңге (1,53 күнкөріс деңгейі);
3-топтағылар үшін – 42 190 теңге (1,04 күнкөріс деңгейі).
Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері
- Асырауында бір адам қалған жағдайда – 34 888 теңге (0,86 күнкөріс деңгейі);
- Екі адам болған жағдайда — 60 445 теңге (1,49 күнкөріс деңгейі);
- Үшеу болған жағдайда – 75 049 теңге (1,85 күнкөріс деңгейі);
- Төртеу болған жағдайда – 79 511 теңге (1,96 күнкөріс деңгейі);
- Бесеу болған жағдайда – 82 351 теңге (2,03 күнкөріс деңгейі);
- Алты және одан көп болған жағдайда – 85 596 теңге (2,11 күнкөріс деңгейі).
Егер балалар екі ата-анасынан да айырылса, онда әрқайсысына 47 869 теңге (1,18 күнкөріс деңгейі) мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем – 52,4 АЕК немесе 180 780 теңге.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16 АЕК немесе 55 200 теңге;
- Басқа әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерге – 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін немесе 16 560-тан 21 355 теңгеге дейін;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға – 6,19 АЕК немесе 21 355 теңге;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мүгедектік бойынша теңестірілген адамдарға – 7,55 АЕК, немесе 26 047 теңге;
- Ұлы Отан соғысында көз жұмған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне – 4,48 АЕК, немесе 14 456 теңге;
- Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленген азаматтарға – 138,63 АЕК немесе 478 274 теңге;
- «Халық қаһармандарына"– 138,63 АЕК, немесе 478 274 теңге;
- Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен азаматтарға – 1,07 АЕК, немесе 3 691 теңге;
- Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 АЕК, немесе 3 691 теңге;