Люкс электрлі көліктер үш жылда 50%-дан астам арзандайды

1 427

Фото: mercedes-benz.com.trЛюкс-электромобиль сатып алу пайдалы болуы тиіс. Бір өкініштісі, оның құны бензинмен жүретін люкс автокөліктерден қымбат, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Электромобильдер заманауи көлік индустриясының болашағы саналғанымен, олардың ішінде люкс сегментке жататын модельдер бірқатар күрделі мәселеге тап болып отыр. Басты проблемалар қатарында әлсіз аккумулятор, жоғары баға, жылдам құнсыздану және технологиялық өзгерістердің тым тез жүруі бар.

Мәселен, 2025 жылғы Mercedes-AMG EQS үлгісі Car and Driver журналы тарапынан небәрі 7,5/10 ұпаймен бағаланып, 148 700 доллар тұратыны айтылған. Жоғары бағаға қарамастан, бұл көліктің жүріс қоры шамамен 485 шақырым ғана — бұл көрсеткіш орташа деңгейде. Сонымен қатар басқару жүйесі мен үлкен дисплей де сынға ілінген.

Люкс-электромобильдер қуатты аккумуляторды қажет етеді. Ол тек өнімділік үшін емес, қосымша премиум-функциялар үшін де маңызды. Алайда мұндай батареялар көлікті ауырлатып, техникалық күрделілікті арттырады. Жаңа технологиялар пайда болған сайын, бұрынғы модельдер тез ескіреді. Бұл – қымбат көліктің нарықтағы құнының күрт төмендеуіне алып келеді.

Литий-ионды аккумуляторлар — қазіргі люкс-электрокөліктердің басты әлсіз тұсы. Олар уақыт өте келе сыйымдылығын жоғалтып, көліктің жүріс қорын азайтады. Ал бұл аккумуляторларды ауыстыру өте қымбат. Құнсыздану да айтарлықтай: кей люкс-электромобильдер үш жыл ішінде құнының 50%-ына дейін жоғалтады, ал қарапайым көліктер бұл көрсеткіште 30–35% шамасында.

Осыған зарядтау инфрақұрылымының жеткіліксіздігі қосылғанда, люкс-электрокөліктерді сатып алуға деген сенім азаяды. Технология дамып жатқанымен, тұтынушының талабына толық жауап бермейтін электромобильдер өз позициясын әлі де бекіте алмай келеді.

Люкс-электромобильдер – болашақтың көлігі болғанымен, бүгінде олардан күтілетін сапа мен сенімділік деңгейі әлі толық қалыптасқан жоқ. Жоғары баға үшін жоғары нәтиже күткен тұтынушы үшін бұл – үлкен дилемма.