Темекінің ең төменгі бағасы көтерілді

1 526

фото: vestivrn.ru2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы көтерілді. Енді 20 дана сигареттен тұратын бір қорап кемінде 970 теңге тұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда темекі өнімдеріне жаңа ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді. Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, 20 дана сигареттен тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 970 теңге болады.

Талаптар сүзгісі бар және сүзгісіз темекі, папиростар мен сигариллаларға қолданылады.

Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде акциздерді кезең-кезеңімен арттыру көзделген. 2026 жылы акциз мөлшерлемесі 1000 темекіге 18 051 теңге болады. Ал 2030 жылға қарай ол 25 607 теңгеге дейін өседі.

Кәдімгі темекі және қорқорға арналған табак 2026 жылы акциз мөлшері бір келісіне 15 863 теңге болып белгіленді.

Қыздырылатын темекілердің 1000 данасына 11 230 теңге. Көрсеткіштер де 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен өсетін болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.