130 тонна өнім беретін балық өндіру кешені іске қосылды

2 524

Photo :© Ауыл шаруашылығы министрлігіАтырау облысы, Махамбет ауданында "А-Дана" шаруа қожалығы заманауи балық өсіру кешенін пайдалануға берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Балық өсіруге бағытталған кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 130 тоннаға дейін тауарлық балық немесе 15 млн данаға дейін бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіруге мүмкіндік берген. Бұл өңірдегі аквакультура саласындағы маңызды нысанның бірі. Кешен заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әрқайсысының көлемі 30 текше метр болатын 28 бассейн, 400 инкубациялық науа, биофильтрлер, сондай-ақ суды механикалық және озон арқылы тазарту жүйелері орнатылған. Өнімнің сапасы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін тоңазытқыш камералар қарастырылған. Балықты тауарлық салмаққа дейін жеткізуге арналған тоғандардың құрылысы аяқталуға жақын. Аумағы 4000 шаршы метр болатын тұйық су айналымы жүйесінің ғимараты салынған. Бұл барлық технологиялық параметрлерді бақылау арқылы балық өсірудің толық циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Кешеннің іске қосылуы - отандық өндіріс көлемін арттыруға және бағалы балық түрлерін, соның ішінде бекіре тұқымдастарды сақтау мен көбейтуге үлес қосқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.