Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасына көшкен кезде жалақы қалай өзгереді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков 4 күндік жұмыс аптасына көшкендер қандай жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басылымның министрлік өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстанның Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістердің бірі 4 күндік жұмыс аптасына көшу мүмкіндігі.
Ал жалақы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің еңбекақысы орындалған жұмыс көлеміне қарай есептеледі. Егер жұмыс күндерінің саны қысқарса, сәйкесінше жалақы да пропорционалды түрде азаяды.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтар төрт күндік жұмыс аптасына ресми түрде ауыса алады. Еңбек кодексіне тиісті өзгеріс енгізілді.
Сондай-ақ бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы және толық емес жұмыс аптасы қарастырылған. Жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімі бойынша бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын кезектестіру құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат берілген. Жексенбі ортақ демалыс күні болып саналады. Айта кетерлігі, төрт күндік жұмыс аптасына көшкендерге үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленбейді.