Қазақстанда киік өнімдерін сатумен айналысатын мемлекеттік компания құрылады

2 520

Фото:© gov.kzСенат экология және экономиканың жекелеген салаларына қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, құжаттағы нормалардың бірі киікке қатысты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасына сәйкес, киік өнімі саудасын жүзеге асыратын оператор тағайындалып, оларды өткізу тәртібі белгіленбек. Киік өнімдеріне мүйізі, терісі, еті және басқа да бөліктері, солардан өндірілетін өнімдер жатады. Сонымен қатар құжатқа Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Экологиялық және Су кодекстеріне өзгерістер енгізіледі. Заң саланы цифрландыру, қалдықтарды басқару, қайталама шикізатты қайта өңдеу, климаттық реттеу, "Қазгидромет" қызметі және экологиялық бақылау мәселелерін де қамтиды. Түзетулер инвестициялық жобалар мен көмірсутектерді барлау жобалары бойынша экологиялық рұқсаттар мен қорытындыларды алу мерзімін қысқартуды көздейді. Бұл талап теңіздегі көмірсутек барлау жұмыстарына қолданылмайды. Сонымен қатар құжатта мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу және қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібі нақтыланған. 

Жергілікті әкімдіктерге коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және көму орындарын ұйымдастыру құзыреті беріледі. Сонымен қатар қалдықтарды есепке алу және қайталама шикізатты қайта өңдеу жүйесін жетілдіру жоспарланған. Бұдан бөлек, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі оператордың (ӨКМ) функциялары кеңейеді. Енді ол мемлекеттік орман қоры аумағындағы өртті ерте анықтау жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарына қатыса алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.