Елімізде күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты
520
Қазақстанда күнбағыс майының өндіру көлемі артты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік тарапынан ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу мақсатында 2021 жылдың қыркүйегінде күнбағыс тұқымдары мен күнбағыс майының экспортына шектеулер енгізілді.
Шектеу шараларын енгізу нәтижесінде күнбағыс майының бөлшек сауда бағасы тұрақтанды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тазартылған күнбағыс майын өндіру көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 10,2 %-ға артты. 2022 жылдың өткен кезеңінде күнбағыс майының экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 есе артты (140,7 мың тонна және 28,9 мың тонна сәйкесінше).
Жыл сайын күнбағыс майы экспортының жалпы көлемінің шамамен 60 %-ы Өзбекстанға жеткізіледі, бұл ретте күнбағыс майын өткізу нарықтарының кеңеюі байқалады. Дәстүрлі Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қытай елдерінен басқа, күнбағыс майын Чехия, Литва, Түркия елдеріне жеткізу жүзеге асырылды.
Шикізат базасын дамытуды ынталандыру үшін майлы дақылдарды өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде (май тұқымдарын өңдеуге тапсыру, тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер сатып алуға субсидия беру және т. б.). Соның арқасында өткен жылы күнбағыс егу алаңы 200 мың гектарға ұлғайды.