Қазақстан сұйытылған газ экспортын күрт қысқартты

2 559

Еліміздің  автогаз экспортын 2023 жылғы қаңтар-тамызда 46,4%-ға дейін азайтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Қазақстанның сұйытылған мұнай газы экспорты 60%-дан 46,4%-ға дейін қысқарды", - делінген Бірінші кредиттік бюро хабарламасында.


Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның ішкі нарығында автогаз сатылымы биыл айтарлықтай өскен. Биылғы 8 айда өткен жылмен салыстырғанда 43,3%-ға – 879,2 мың тоннаға дейін артқан.


Жыл басынан бері сұйытылған газ өндірісі 9,1%-ға, 1,64 млн тоннаға дейін өсті.


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, еліміз сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салмақ. Энергетика министрлігі бұл шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.


Қазақстаннан автогаз әкетуге тыйым бұған дейін де салынғанын айта кеткен жөн. Мұндай бұйрықтар 2017 жылы да шығарылған, құжаттар сұйытылған мұнай газын автомобильдермен шетел асыруға 3 жылға тыйым салды. Алайда бұған дейін теміржол көлігіне қатысты шектеу болмаған.


Қаңтар-шілде айларында елімізде өндірілетін отынға жалпы сұраныстың 85%-ға жуығы қазақстандық автогаздың негізгі сатып алушылары саналатын бес елден түсті:


Тәжікстан – 186,7 мың тонна;

Алжир – 139,3 мың тонна;

Түркия –114,1 мың тонна;

Польша – 79,2 мың тонна;

Ауғанстан – 38,9 мың тонна.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.