«Барыс жылы» коллекциялық монеталар айналымға шығады

560
Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Барыс жылы» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алтын және күміс монеталардың дизайнында «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының (Алматы) сәулет элементтері пайдаланылған. Мүсіндік композицияны суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татариновпен және В. Кацевпен бірлесіп жасаған.

«Барыс жылы» монеталарының оң бетінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символы бейнеленген. Сондай-ақ монета дайындалған металл, оның сынамасы мен массасы жазылған. Шақаны айналдыра «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазулар, күннің стильдендірілген бейнесі және монетаның номиналы бейнеленген.

Монеталардың теріс бетінде шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылдың символы – барыс бейнесі бейнеленіп, айналдыра «2022», «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және «ORIENTAL CALENDAR» деп жазылған. Ішкі жағында шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан.

 Алтын монеталар 999/1000 сынамалы. массасы – 7,78 грамм, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 500 теңек, таралымы – 1 мың дана.


Күміс монеталар 925/1000 сынамалы, массасы – 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 мың дана.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.