Бюджетке жарты жылда түскен салық 7,15 трлн теңгені құрайды

782
2022 жылдың 1 жартыжылдығына мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,4%-ке орындалып, 7,15 трлн теңге түскен. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік кірістер комитетінің алқа отырысында мәлім болды. 

Жиында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының республика бойынша мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы қорытындыланып, екінші жартыжылдыққа міндеттер анықталды және тапсырмалар берілді.қорытындысы шығарылды. Бейне-конференцбайланыс арқылы өткен алқа мәжілісіне аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты.

«2022 жылдың 1 жартыжылдығына мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 106,4%-ке орындалып, 7,15 трлн. теңге түскен.Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 2,3 трлн. теңгеге көбейіп, 1,5 есеге өскен »,- делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, аталған кезеңде бюджетке 567,2 млрд. теңге сомасындағы қосымша резерв түсімдері қамтамасыз етілді. Камералдық бақылау мен салық аудитінің тиімділігі 162,7 млрд. теңгеге өскен.

«2022 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік кірістер органдары салық және кедендік бағыттағы 9,9 млн. мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде 99% электронды түрде болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электронды қыметтер саны 1,9%-ке өскен. Одан бөлек, мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталығына кеңес алу үшін хабарласқан азаматтардың 97%-і операторлардың жұмысына оң баға берген», - деп атап өтті ведомствода.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге сыбайлас жемқорлықпен күрес, бюджетке салық және кедендік түсімдер жоспарын орындау, сондай-ақ қосымша резервтер түсімін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруға тапсырма берілді.