Кейбір қазақстандықтар несие бойынша төлемдерін кейінге шегере алады

2 260

Фото: depositphotos.comҚазақстандық банктер мен микроқаржы ұйымдары әлеуметтік осал топтарға және төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға қарыз бойынша төлемді кейінге шегеруге міндетелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа өзгеріс қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына енгізілді. Құжатта қарыз алушы жеке тұлғаларға қарызын өтеу бойынша кемінде үш ай мерзімге комиссиялар мен өзге де қосымша төлемдерсіз кейінге шегеру мүмкіндігі берілетіні айтылған.

“Қарызды өтеуді кейінге шегеру құқығы жүгінгенге дейінгі екі айдағы табысы алдыңғы он екі айдағы табысымен салыстырғанда 30%-дан астам төмендеген азаматтарға, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушыларға беріледі”, – делінген құжатта. 

Сонымен қатар мерзімі өткен қарызды реттеу үшін қажет құжаттардың бірыңғай тізімі енгізілді:

- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама,

- соңғы алты айдағы табыс туралы анықтама,

- еңбек шартын бұзу немесе жалақы сақталмайтын демалыс беру жөніндегі жұмыс берушінің актісі,

- уақытша еңбекке жарамсыздық туралы құжат,

- жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама,

- БЖЗҚ-дан анықтама.

Сондай-ақ жүктілік пен босануына, бала асырап алуына немесе үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалысты растайтын құжаттар да ескеріледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.