Энергетика министрлігі электр қуатының шекті тарифтерін жаңартты

1 430

Энергетика министрінің «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұйрық жобасына берілген қосымшада 47 топ үшін электр энергиясының шекті тарифі 2025 жылға дейін қалай өзгеретіні көрсетілген.


Бұған дейін ішлдеден бастап көмір қымбаттайтынын, электр энергиясының тарифі көтерілетінін жазған едік.


Ведомство түсіндірмесіне сай, электр энергиясының қымбаттауы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықпен байланысты.


«Орташа алғанда отынның құрамдас бөлігі 17% деңгейіне дейін қамбаттауы болжанады. Богатырь-Көмір өндіру орнындағы көмір құнының өсуі күтіледі:


- 2023 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін 7%-ға (2 774 теңгеден 2 968 теңгеге дейін);

- 2023 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 5%-ға (2 968 теңгеден 3 092 теңгеге дейін).


Жалпы, 2023 жыл ішінде тасымалдаумен бірге, көмірдің құны орта есеппен 25%-ға артады», - деп жазылған құжатта.


Бұған қоса, электр энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тауарлық газдың құны орта есеппен 10%-ға қымбаттайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.