Биыл фермерлерге су жетпеуі мүмкін

324
Түркістан мен Қызылорда облыстарының фермелеріне су жетіспеушілігі туындауы мүмкін, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Сырдария өзені басссейні ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Алдын ала есептеулерге сәйкес, вегетацияаралық кезеңде Шардара су қоймасына судың келіп құйылуы барынша төмен болатындығы күтіледі. Оны толтыру барысында үлкен қиындыққа тап болып отырмыз. Сондықтан, өзеннің төменгі ағысынан су жіберуді шектедік. Вегетацияаралық кезеңде Сырдарияның төменгі жағы 2 млрд текше метр су ала алмады», - деді ол министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның атап өтуінше, Шардара су қоймасы Көксарай су реттегішінен өткен жылға қарағанда 770 млн текше метр суды кем алды.

 «Ағып келетін су көлемінің төмен болжануына байланысты су қоймасын толтыру қиындық туындатады. Соның салдарынан Түркістан мен Қызылорда облыстарының фермелерін суармалы сумен қамтамасыз етуде проблемалар туындауы, сонымен қатар Арал маңының экологиялық ахуалы күрделенуі ықтимал», - деді Серік Қожаниязов.