Қазақстанда балық өнімдерінің бағасы 15 пайызға қымбаттаған

535

Қазақстанда бір жылда балық 15 пайызға өсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Елімізде қаңтар мен тамыз аралығында 30,8 мың тонна балғын және мұздатылған балық өндірілді. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15,5 пайызға артық. Мысалы, Қызылорда облысында балық кластері белсенді дамып келеді. Мұнда 15 мың тонна балық өнімдерін өндіретін 10 зауыт бағалы балық түрлерін көбейтуге маманданған.

Соңғы сегіз айда республикада небәрі 6,6 мың тонна дайын немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілген. Бұл сегментте Түркістан облысы көш бастап тұр – 2,4 мың тонна.

Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, балғын балық бір жылда 15 пайызға, мұздатылған балық – 15,1 пайызға, қабығы аршылған мұздатылған асшаяндар – 26,4 пайызға қымбаттаған. Ең алдымен жаңа ауланған балық бағасы Павлодар (44,7 пайызға), Қостанай (24,7 пайызға) және Маңғыстау (24 пайызға) облыстарында өсті. Мұздатылған балық бағасы Маңғыстау (43,4 пайызға), Жетісу (35,2 пайызға) және Атырау (29,6 пайызға) облыстарында айтарлықтай өскен.

Балық өнімдері ішінде тұздалған майшабақ бір жылда 34,2 пайызға, балық консервілері - 29,6 пайызға, майдағы шпрот - 24,9 пайызға, салқын ысталған скумбрия - 23,8 пайызға, тұздалған деликатес балық - 22,2 пайызға, қызыл уылдырық – 21,2 пайызға қымбатта
ған.