Қазақстанда шілдеде азық-түлік қаншаға қымбаттады?

309
Бір жыл ішінде азық-түлік бағасы 11 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Шілдеде азық-түлік бағасы 0,7 пайызға өскені байқалған. Бір жыл ішінде бағалар бірден 11 пайызға өскен.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің ішінде 19 тауар түрінің 7-еуі 20 пайызға қымбаттаған. Өткен айда баға 0,1 пайызға, ал жыл басынан бері 10,3 пайызға өскен. Сәбіз жылына 2,3 есе, картоп 41,6 пайызға, пияз 28,8 пайызға, өсімдік майы 27,3 пайызға, қырыққабат 22,3 пайызға қымбаттады.

2021 жылдың шілдесінде былтырғымен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер арасында сәбіз бағасы 2,1 есеге, бір келісі үшін 297 теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ, күнбағыс майы 65,8 пайызға 739 теңгеге дейін, қант 33,2 пайызға 281 теңгеге дейін, картоп 27,3 пайызға 182 теңгеге дейін қымбаттады. Сондай-ақ, қарақұмық жармасы 490 теңгеге дейін, қырыққабат 102 теңгеге дейін, жұмыртқа 352 теңгеге дейін өсті.

Әлеуметтік маңызы бар барлық азық-түліктен бір келі сатып алу үшін 11,7 мың теңгеге дейін кетеді.

Статистика бюросының мәліметі бойынша, орташа баға Интернет дүкендердегі бағадан ерекшеленеді. Дүкендегі осы 19 азық-түлік қоржыны үшін Арбуз.kz-те кем дегенде 13,8 мың теңге, MagnumGo-да - 10,3 мың теңге төлеуге тура келеді.

Мысалы, нанның құны Арбуз.kz-те Алматы бойынша шілдедегі орташа көрсеткіші 84,4 пайызға, қарабидай 72 пайызға, қырыққабат 64,8 пайызға артқан.

MagnumGo-да дүкеннің ең төменгі бағасы Алматы бойынша картоп (2,2 есе), қырыққабат (80,7 пайызға) және нан (35,4 пайызға) үшін орташа бағадан едәуір асып түсті.

Бұған дейін статистика бюросының мәліметі бойынша, шілдеде ақ қырыққабат 12,6 пайызға, қызылша 9,1 пайызға, пияз 8,2 пайызға, күнбағыс майы 4,2 пайызға, құс еті 3 пайызға, қарақұмық жармасы 2,6 пайызға қымбаттағаны хабарланған болатын.