Қазақстан мен Өзбекстан 15 мамырдан бастап теміржол қатынасын қайта жандандырады

313
«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ келісімі бойынша Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтіріліп жатыр, деп мәлімдеді «Өзбекстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі.

15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды. Ал осы жылдың 16 мамырынан бастап № 1/2 пойызы Алматы – Ташкент – Алматы бағыты бойынша рейске шығады. Рейстердің «Ташкент – Орталық» теміржол вокзалынан Қазақстанға қатынау жиілігі аптасына үш рет.

Еске салсақ, Өзбекстан 2020 жылғы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы жолаушылар теміржол қатынасын тоқтатқан еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.