Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Елімізде МӘМС саласында қаражат жымқыру деректерін тексеру барысында алаяқтық жиілеген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар медицина мекемелерінің басшыларын қорқытып, ақша талап еткен. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің айтуынша, қаскөйлер өздерін агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, "анықталған заңбұзушылықтарды" алға тартып, медицина мекемелерінің басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Сонымен қатар сыйақы берсе, жауапкершілікке тартпауға уәде етіп, ақша талап еткен. Аталған жағдай Түркістан облысында анықталған.
"Екі адам өздерін агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау жолымен медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша алуға тырысқан. 5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.
Осы жылғы 8-ші тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады", - делінген хабарламада.
Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.
Қаз
Рус






