Қызылордалық кәсіпкер ұлттық тағамды насихаттауда
Қызылордалық кәсіпкер ұлттық тағамды насихаттауда,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Аймақ орталығында бірнеше жыл бұрын қала орталығынан ашылған «Балқаймақ» дүкені бүгінде тұрғындар үшін етене таныс. Себебі бұл жерден ұлттық тағамның түр-түрін табуға болады. Табиғи өнімдердің адам ағзасына пайдасы зор. Сондай-ақ «Балқаймақ» өнімдерін жақын адамдарға сый ретінде де ұсынуға болады. Заман талабына сай ұлттық дәстүрді қатар дамытып келе жатқан орталық киіз үй, домбыра нақышында кәдесыйлар да дайындауда.
Ұлттық тағамдарды қайта жаңғыртып, қолданысқа енгізуді көздеген «Балқаймақ» өнімдері көптің сұранысына ие. Мұндағы барлық өнім сапалы, құнарлы, қай кезде де балғын күйде. Осы орайда орталық қызметкері Индира Сәдуақасова бізге ұлттық өнімдердің пайдасы жөнінде айтып берді:
‒ Ұлттық тағамдар көбіне ағарғаннан жасалады. Сүтті сүзіп, пісіріп, қайта суытып, қатық ұйытамыз, ірімшік, құрт, сүзбе жасаймыз. Оларды дайындауға, кептіруге ұзақ уақыт кетеді. Тұздылығын, қант мөлшерін қадағалап отырамыз. Тұтынушылардың кейбірі ұлттық тағамның тәтті болғанын қаласа, енді бірі тапсырыс берерде дәмі қышқыл болсын деп тілек білдіреді. Өздеріңіз білесіздер, ұлттық тағамдар кальций, темір сынды ағзаға қажетті дәрумендерге бай. Әсіресе, құрттың адам денсаулығына пайдасы зор. Сондай-ақ бізде жент, майсөк те көп пайдаланылады. Тұтынушылар «Балқаймаққа» келгенде құрт, қолдың майы, жент, майсөк, айран, шұбат, қымыз және қолдың сүтін көп сұрайды. Қазір ұлттық тағамдарға сұраныс өте жоғары. Тұтынушылар күн санап көбейіп келеді, ‒ дейді ол.
Бір қызығы, орталықта көпшілік дәм тата қоймаған өнім бар. Ол ‒ түйе сүтінен жасалатын қазақтың ұлттық өнімі. Дәруменге бай балқаймақ өкпе ауруларын емдеуге, өкпе жасушаларын қалпына келтіруге көмектеседі, иммунитет көтереді.
‒ Балқаймақты дайындау үшін түйенің сүтін сүзгіден өткізіп, қазанға құйып, аздап қант қосып, ұзақ уақыт (шамамен 10-12 сағат) қайнатады. Біраз уақыттан кейін сүт желе тәрізді болып, қоюлана бастайды. Дайын болған балқаймақты арнайы ыдысқа құйып қояды. Суығаннан кейін кез келген пішінге келтіріп, кесіп, шайға сүт қосылған шоколад ретінде пайдалануға болады, ‒ дейді Индира Сәдуақасова.
Жоғарыда «Балқаймақ» орталығынан киіз үй, қобыз, бесік пішіндегі ағаш қораптан жасалған кәдесыйларды табуға болатынын әңгімеледік. Мұндай кәдесыйлардың іші «Балқаймақта» жасалған осы ұлттық тағамдармен толтырылған.
‒ Кәдесый деп айтта, ойын-тойда, ұлттық мейрамдарда берілетін сыйды немесе алымды атайды. Кәдесый ‒ құдалық, келін түсіру кезіндегі салт-дәстүрдің әдемі көрінісі. Оны сұрауға, талап етуге әркімнің хақысы бар. Кәдесый жасамау ‒ дәстүрді сыйламау, яғни ел заңын бұзу деген сөз. Ұлт мәдениетінде кәде сыйдың түрі көп және оны берудің өзіндік ережесі мен жөн-жоралғысы бар. Кәдесыйға тоқтау жоқ, оған дәлел жүрмейді, сөз өтпейді. Сондықтан кәдесыйды беру міндет деп санайды. «Балқаймақ» дүкені ашылғалы бері біз дәстүрімізді жаңғыртып, кәдесыйлардың түр-түрін шығарып келеміз, ‒ дейді орталық қызметкері.
Ұлпершек Бұл жылқы немесе сиыр секілді ірі қара малдың жүрегінен жасалады. Оны алдын ала бір ай бұрын ұнға салып қояды. Бұл тағамды тұрмысқа шығып, алысқа ұзатылып кеткен қызға арнап төркіні әзірлейтін болған. Оны алған қыз қайда жүрсе де ата-анасының жүрегінде екенін есте сақтаған. Ата-анасының сәлемі ретіндегі тағамды малды жаңа сойған кезде даярлаған. Жүректі кітапша секілді ашылатындай, қатпарлап тіліп, тазалап-жуып, тұз, бұрыш қосады. Ет пен майды жіңішке етіп турайды да оны жүректің тілінген қатпарларына салады. Содан соң оны салқын жерге бір-ай бойы қойып қояды. Уақыты келгенде оны фольга немесе аспаз қабында пісіреді. Өте дәмді әрі жұмсақ болып шығатын тағам В2, В12 дәрумендері мен микроэлементтерге бай. Быламық Түйілген тары мен сүттен жасалады. Ежелде оны арнайы босанған жас келіншектерге арнап жасайтын болған. Тары жас босанған ағзаның тез қалпына келуіне көмектеседі, гемооглабинді артырады. Бұл тағамда кальций өте көп. Тағамды әзерлеу үшін - ұн, сүт, сары май, түйілген тарының сөлі, қант және тұз қажет болады. Ұнды майға қызарғанша қуырып, оған сүт қосады. 5 минут өткен соң тары қосады. Мұндай тағам жеген келіншектер босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшырамай, тез қалпына келген. Жас сәбилердің де іш шаншуы көп болмайды екен. Жаужүрек Бабаларымыз ерлерге арнап қойдың бауырын арнайы әзірлеген. Себебі, оның құрамында батылдық гормонын бөліп шырғауға сеп болатын элемент бар екен. Қазақтар ұл балаларына батыл әрі қайсар болып өсін деп жаужүрек деп талатын тағам әзірлеген. Қойдың бауырында гепарин деп аталатын зат бар, ол миокард инфарктісінің алдын алуға көмектеседі екен. Ал қазіргі кезде бұл тағамды қонақтарға тіскебасар ретінде ұсынуға әбден болады. Балқаймақ Балқаймақ қазақстар үшін дәмділердің дәмдісі саналады. Оның балқаймақ аталуының сыры да осында. Тіпті әйгілі композитор Құрманғазының "Балқаймақ" деп аталатын туындысы да бар екені белгілі. Жаңа алынған қаймақты әлсіз отқа қойып, ол сары майға айналып кетпес үшін оған бал мен ұн қосады. Осылайша, бәрі араласып, 10-15 минут отта тұрады. Қазір осыған ұқсас рецептілерді торттардың арасына жағатын кремдерді жасағанда пайдаланылады. Ал бұрынғы кезде қазақтар оны асқазан жараларын емдеуде сәл қызыл бұрыш қосып қолданған. Ал қазіргі үй ханымдары оған киви қосып да дайындап жүр. Өрметөс Бұл үйге күеу бала келгенде даярланатын тағам. Құрметбелгісі ретінде оның алдына өрметөс қойған. Қазір қой сойғанда оның ішкі ағзаларын түгел лақтырып тастайды. Ал онда жастықты сақтайтын қаншама пайдалы заттар бар, мәселен, коллаген мен эластан. Өрметөс - бұл екі жағы тілінген төс.