Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауда

494
Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауда- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тамыз айында еліміздегі автосалондардан 8734 жаңа көлік сатылды. 

Сарапшылардың айтуынша, сауданың бәсеңдеуіне көліктердің тапшылығы әсер етуде. 

Отандық дилерлер қазір тапсырысты алдын ала қабылдағанымен жеткізу уақытын кейінге шегеріп жатыр. Соңғы бір-екі айда тасымал мәселесі қиындап кетті. Қытай карантин талаптарын күшейтіп, Қазақстанға Жапония мен Кореядан келетін көліктер кешігіп келген. Бұған дейін жаңа көлікті 6 ай күтсе қазіргі таңда күту уақыты 8 айға дейін созылған. Нарықта темір тұлпарлардың тапшылығы туындаған соң бағасы да өсуде. Өйткені сатып алушылар  көп. Жалпы биыл сегіз айда отандастарымыз 76 мың жаңа машина сатып алды. Былтырмен салыстырғанда 40 процентке көп.